aspan

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли «Paradigm Shift» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде білім саласына арналған «Qazaq Digital Mektebi» жобасын өңірде іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында компания өкілдері жобаның негізгі бағыттарын, жасанды интеллектке негізделген білім беру платформасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Ұсынылған жүйе оқу процесін басқарудың базалық құралдарын, цифрлық оқулықтарды, оқушы мен мұғалімге арналған AI-ассистенттерді, оқу сапасын бақылау механизмдерін және білім беру контентінің маркетплейсін қамтиды. «Paradigm Shift» компаниясының басқарушы директоры Алмас Өтеғұлов өңірдің білім саласындағы әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, жобаны облыстағы шағын жинақты мектептерде жүзеге асырғысы келетінін жеткізді.Аймақ басшысы білім беру жүйесін цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу өңір дамуының маңызды бағыты екенін атап өтіп, кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынатынын айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

admin

Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Телеарна ХанТВ