aspan

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың басшылығымен «Жаңа форматтағы әскер. Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжде ұйымдастырылған іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың өкілдері және медиасарапшылар қатысты.Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков әскерде жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атаған болатын. Бүгінде әкскери қызметте  цифрландыруды дәйекті түрде дамытып, әскер мектебінен өткен азаматтарға білім беру мен әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтіледі деп жоспарлануда.Негізгі  мақсат- жоғары технологиялық армия құру, адами әлеуетті нығайту, әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың жауынгерлік рухын арттыру.

Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев әскери-патриоттық тәрбие мәселесі төңірегінде өз ұстанымын білдірді.Ол өз сөзінде патриоттық тәрбиені армиямен ғана байланыстыру қате пікір екенін айтып мектеп жасынан ант беруге дейінгі аралықта қалыптасатын тәрбиені негізіге ала отырып өз пікірін білдірді.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских Қорғаныс министрлігіндегі тәрбие және патриоттық даярлықтың қолданыстағы жүйесі туралы оң пікір айтып, бұл жұмыстың бейінді жоғары және арнаулы оқу орындарында да жолға қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар, депутаттың пікірінше, жастардың патриоттық санасын нығайтуда интеграцияланған мәдени-білім беру стратегиясы мен азаматтарды ақпараттандыру маңызды рөл атқарады.Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина патриоттық тәрбие ең алдымен қоғам арқылы қалыптасып, отбасынан басталу керектігін алға тартты.Дөңгелек үстелге қатысушылар әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін және Қарулы күштердің имиджін арттыру саласындағы жұмыс жүйелі негізде құрылып, барлық жас санаттары мен әлеуметтік топтарды қамтуы тиіс деген пікірде болды.
Іс-шара аясында дөңгелек үстелге қатысушылар әскери-спорт колледжінің материалдық-техникалық базасымен және кадеттердің күнделікті тынысы мен бос уақыты қалай өтетінін көрді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНДАР ТҰТҚЫНДАҒЫ ТУЫСТАРЫН ҚАЙТАРУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Телеарна ХанТВ

«ҰЛТТЫҚ ЖОБА» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Телеарна ХанТВ

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ