aspan

МҰХТАР ҚОЖАЕВ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бірқатар шулы істерден кейін Шымкентке жаңа полиция басшысы тағайындалды.Енді Шымкент полициясын Мұхтар Қожаев басқарады. Ішкі істер министрі Шымкент полициясын қатаң сынға алды . Министр Ержан Саденов Шымкент қаласының полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы Мұхтар Қожаевты таныстырды.

Ол бұған дейін ІІМ тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқарушылық және тергеу саласында мол тәжірибесі бар екені, тергеушіден бастап орталық аппарат департаментінің басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені атап өтілді. Министр департаменттің жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап, мегаполистегі криминогендік жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

admin

Қазақстандықтардан грантты әзірлеуді талап ету заңды ма, деп жауап берді заңгер

admin

ЕКІ БАЛАНЫ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ