aspan

ЖАС САРБАЗДАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне мерзімді қызметке аттанатын 36 жас сарбазды шығарып салу салтанаты өтті. Шараға шақырылушылардың ата-аналары, жақындары, ардагерлер сондай-ақ қалада орналасқан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары мен әскери оркестрі қатысты.Рәсім мемлекеттік Туды ортаға шығару және әскери оркестр әуенімен ашылды. Қонақтар жас сарбаздарға Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуді тілеп, ақ баталарын берді.

Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасатынын атап өтті. Әскерге шақырылушылардың бірі  Асылбек Асырауов отан алдындағы борышты өтеу әрбір азаматтың борышы деп біледі.

  Барлық әскерге шақырылушылар медициналық, психологиялық және кәсіби тексерулерден өткен. Әскерге аттанған жастар үшін мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар: жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі, несиелерді өтеу мерзімін уақытша тоқтата тұру,әлеуметтік қолдау және бейімдеу шаралары.

Шымкенттен аттанған 36 сарбаз енді бір жыл бойы Ұлттық ұлан сапында қызмет етіп, ел тыныштығын қорғауға атсалысады. Артынша, сарбаздарға ата-ана, жақын-жұраттарымен қоштасуына рұқсат етілді. Шара соңында концерттік номерлер қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

41 ҰСАҚ МАЛДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕЛДЕ НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

Телеарна ХанТВ

«КИЛЛЕРДЕН ТЕЛЕГРАМ»  ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ