Сенатта «Жасыл даму мақсаттарына қол жеткізу үшін көміртекті реттеу жүйесін дамыту перспективалары және көміртекті офсеттерді пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс өз баяндамасында көміртекті реттеу тетіктерін іске асыру Қазақстанның көміртексіз экономикаға көшуінің негізгі құралдарының бірі екенін атап өтті.
Назар ең қолжетімді технологияларды енгізуге және І санаттағы нысандардың экологиялық әсерін төмендетуге аударылды. Осыған байланысты энергетикалық нысандардағы ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған технологиялық және өтемдік шараларды көздейтін 22 жол картасы бекітілді.
Энергетика министрлігі көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS) технологияларын енгізу, сондай-ақ метан шығарындыларын азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
2022–2025 жылдарға арналған ұлттық көміртек квоталарын бөлу жөніндегі қолданыстағы жоспар жыл сайын шығарындыларды 1,5%-ға төмендетуді көздейді, ал 2026–2030 жылдарға арналған жоспар жобасында 2025 жылғы деңгейден 10,2–22,9%-ға дейін қысқарту қарастырылған.
Бақытжан Ілияс атап өткендей, көміртекті реттеу жүйесін дамыту Қазақстанға Париж келісімі шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға ғана емес, сондай-ақ орнықты экономикалық өсімді, энергия тиімділігін және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
