Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыр еліне сапары өңірде атқарылып жатқан шаруаны көрсетті. Президент Қызылорданың әуежайынан бастап, кәсіпорындар, өнер орталықтары, спорт алаңдарын түгел аралап шықты. Жергілікті тұрғындармен де кездесіп, өңірдің даму барысына көңіл толып қайтқан сияқты. Ол жайында толығырақ тілші тарқатады.
Қызылорда облысында бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары барысында жаңа әуежай терминалын, өнер және спорт орталықтарын аралап, аймақ тұрғындарымен кездесті. Президент алдымен жаңартылған «Қорқыт ата» әуежайының жұмысымен танысты. Әуежай жылына 500 мың жолаушы өткізе алады.Бұлкөлік инфрақұрылымын нығайтып, туризм мен инвестиция тартуға жол ашады. Президент сондай-ақ «Қызылорда-нан» нан және кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа зауыттыдааралап көрді. 5,6 миллиард теңге инвестиция салынған жоба толық автоматтандырылған. Өнімнің басым бөлігі жергілікті нарыққа жеткізіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа жылу электр стансасында болды. Бұл жоба өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тоқаев сыр елінің жұртшылығымен кездесіп, өңірдің даму қарқынын жоғары бағалады. Қызылорда аймағында сумен қамту мәселесі де біржақты шешіле бастаған. Президент судың да сұрауы бар екенін еске салды.
Президенттің айтуынша, Қызылорда облысы әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттарда жаңа деңгейге көтеріліп келеді.ШУМ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордадағы өнер орталығы, мұражайға да бас сұқты.Президентке соңғы үш жылда өңірде 18 мәдениет нысаны пайдалануға берілгені баяндалды. Олардың қатарында «Руханият» орталықтары, музыкалық колледж және жаңа музей бар.
Тоқаев биыл ғана ашылған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының жұмысымен танысты.Мұнда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Кешенде бассейн, спорт залдары, зертханалар мен студиялар бар. 11 мың орындық футбол стадионын және жаңа үстел теннисі орталығын да аралап көрді.Кешен құрылысына облыс бюджетінен 2,5 миллиард теңге, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» қоры тарапынан 900 миллион теңге бөлінген. Қазір мұнда 280 бала тұрақты түрде спортпен шұғылданады. шум

