Қазақстан мұнайдан түскен пайдадан ұтылып отыр. Шетелдік ірі мұнай-газ компанияларымен жасасқан келісім-шарттардағы еліміздің үлесі жайында ашық ақпарат жоқ. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның энергетика саласы әлі күнге дейін Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты ірі үш компанияның айналасына негізделген. Ел тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басында «ескі Қазақстанның» билігі шетелдік инвесторлармен мұнай саласындағы келісім-шарттарды жасағанда ел мүддесін аса назарға алмаған. Толығырақ тілші тарқатады.
Қоғамда мұнайдың рахатын шетелдік компаниялар көріп жатыр. Қазақстанның үлесі жайында ашық ақпарат жоқ деген сыни пікірлер жиі айтылуда. Соңғы екі-үш жылда «Ақ жол» фракциясы бірнеше рет еліміде мұнай өндіріп отырған ірі шетелдік команиялармен Өнімді бөлу келісімдері (СРП / ӨБК) шарттарын ашып, олардың әділдігін тексеруді талап етіп келеді. Фракция 1990-жылдары жасалған келісімдерді ашуды, сондай-ақ оларда коррупция белгілерін тексеруді талап еткен депутаттық сауалдарын Үкіметке 5 рет жолдаған. Алайда, Назарбаев билігі бұл шарттардың құпиясы 2033-2041 жылдарға дейін ашылмайтындай етіп жасаған. Бұл келісімдерден Қазақстан ұтылып отыр дейді депутаттар.
— Қашағаннан бізге тиетіні 2-ақ пайыз. Ал Қашаған деген қандай мұнай? Ол Қазақстан мұнайының 20 пайызы.Мұнай мұхиты. Біз мұнай мұхитынан тамшы ғана алғанға мәз болып отырмыз. Біз 5 рет депутаттық сауал жолдадық. Өнімді бөлу келісім-шарттарын ашу туралы сұрадық. Үкімет соның үшеуінде де ашуға қарсы болды. Жариялауға болмайды деген ажуап келді. Неге жариялауға болмайды? Қазіргі Конституцияның 6 –ы бабында жер қойнауындағы барлық ресурстар халықтың меншігі деп жазылған. Халық өз меншігін шетелдіктер қалай пайдаланып жатқанын білуге қақысы жоқ па? Оның үстіне мұнай біздің күре тамырымыз.
Ақжолдықтар үкіметтен Өнімді бөлу келісім-шарттарын e.gov порталында жариялауды, мемлекет үлесін арттырып, кемінде 50–51% қылып белгілеуді талап еткенді. Мұндай келісімдерді даулау оңайға түспейді. Коммерциялық құпиялар, инвесторлардың талабына қатысты халықаралық тәуекелдер, арбитражтан қорқу және бұрынғы келісімдердің ел мүддесіне қарсы болуы сияқты себептер бар. Сондықтан бұл мәселені инветсорды шошытып алмай, заңмен ретету керек дейді мәжілісмен Жаңбыршин.
-Біз инвесорларға да кепілдік беруіміз керек. Себебі, олар қаржысын салды. Инвестициялық климатты да құртып алмауымыз керек. Ол жерде халықаралық арбитраж арқылы сот процестері жүруі мүмкін. Көптеген мемлекеттерде сондай жағдай болған. Араб елдерінде. Біз мұны заң аясында шешуміз керек. Өнімді бөлу келісімі мен тұрақталған контрактыларды ары қарай мерзімі бітіп өзгертетін кезде заңмен реттеп алу керек.
Ал Қазақстан сирек кездесеін металлдарды өндіру жұмысын қолға алмақшы. Бұл орайда жерасты байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесіне кепіл бар ма? Өнеркәсіп министрі сирек кездесетін металлдарды өндіруде инвесторлармен келісім-шарттар ашық болады деп сендіреді.
— Сирек кездесетін металлдар бойынша әлемде бірінші орында тұрған Қытай.Олар өндіріп, қайта өңдейді. Технологиясы өте күрделі. Біз бастапқы кезеңде тұрмыз. Бізде барлық елмен келісулер бар. Біз компентенцияларын қарастыруға дайынбыз. Біз өзімізді 3-4 бағытта көріп отырмыз. Әзірге сирек кезедесетін металлдарды апапй өндіру жоқ. Келесі жылдан жер қойнауын зерттеу бойынша үлкен жұмыс бастаймыз. Жаңа кен орындарын табу керек. Бұл ж рде Қазақстанның үлесіне қатысты әзірге белгісіз. Әртүрлі болуы мүмкін. Бәрі ашық болады, бізді жер қойнауын пайдалану платформасы бар. Ашық тек ғана ашық болады.
Не керек, жоғарыда айтылғандай үкімет мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды жария ете алмай отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер шарттардың толық мәтіні жариялanсa, мұнай компаниялары халықаралық арбитражға шағымданып, Қазақстан мұндай даулардан миллиондаған немесе миллиардтаған доллар шығындарға ұшырауы мүмкін.