15.3 C
Shymkent
11 января, 2026
aspan

ӨНДІРІСТЕГІ ӨРЕЛІ ЕҢБЕК

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай еңбек адамдарының беделін арттыру, жастарды кәсіби мамандықтарға баулу бағытында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Шымкент қаласында орналасқан «ЭкоФарм Интернейшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы мамандық иелерімен арнайы сұхбат ұйымда стырылды.

Бүгінгі қоғамда нағыз еңбек адамын тану уақыт талабы. Себебі елдің экономикасы мен өндірістің қуаты – дәл осындай қарапайым, бірақ қажырлы жандардың қолында. «ЭкоФарм Интернейшн» кәсіпорнында жұмыс істейтін мамандар осының дәлелі. Таңмен таласа еңбектеніп, экологиялық таза өнім өндіру жолында тыным таппайтын жұмысшылар бүгінгі күннің шын батырлары.

Мақсат – еңбек адамдарының тәжірибесін насихаттау, өндіріс саласында адал қызмет етіп жүрген жұмысшылардың еңбегін елге таныту. Кәсіпорында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, дәрілік өсімдіктерді өндіру және экологиялық таза өнім дайындау ісі жолға қойылған. Бұл жерде әрбір жұмысшының үлесі зор.

Сұхбат барысында жұмысшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды еңбекқор болуға, нақты мамандық игеруге шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жастардың техникалық және кәсіптік білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

Телеарна ХанТВ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ