18.3 C
Shymkent
20 октября, 2026
aspan

ЖЫМҚЫРУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

Қаржы Маноторинг Агенттігі  Алматы облысы бойынша департаменті «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» Акционерлік Қоғамы  құрылымындағы негізгі кәсіпорын – геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты «Волковгеология» АҚ-ң бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Дінмұхаммед Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған. Аталған құжаттарда «Казбурмаш СК» ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген.Осы жалған актілер негізінде контрагентке 86 миллион теңгеден астам сома аударылған. Кейін бұл қаражат заңсыз иемделген.Тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді.Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Телеарна ХанТВ

ВАШИНГТОН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ МАҢЫНДА ШАҒЫН ҰШАҚ ӨЗЕНГЕ ҚҰЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ