17.3 C
Shymkent
30 сентября, 2025
aspan

 БАТПАҚТА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

СҚО-да полицейлер жол таппай, батпақта қалып қойған қызды құтқарды. 29 маусым таңертең Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны Қарғалы аралындағы демалыс базасы маңында адасып қалған.

Кейін ол жүкті құрбысына шақырылған жедел жәрдем көлігін күтіп алуға шыққанын, қатты уайымдап, қобалжығаннан жолынан жаңылып қалғанын айтып түсіндірді. Адасып кеткенін түсінген соң полицияға қоңырау шалған. Қоңырауды Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші қызметкері қабылдады. Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жақын маңда жүрген экипаждары бірден бойжеткен болуы мүмкін деген бағытқа қарай бағдарланды. Орман алқабы мен Пестрое көлі жағалауын тексеру барысында полицейлер Бейбіт Кереев пен Анатолий Божко көмек сұраған айқайды естиді. Киімі малмандай су, тоңған қыз аралда қалып қойған. Бейбіт Кереев суға түсіп, өткел тауып, қызды қауіпсіз жерге алып шықты. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясында қауіпсіздік шараларын сақтауға, телефондарын өздерімен бірге алып жүруге шақырады. Осындай жағдайларда геолокация қосылған «102» мобильді қосымшасының пайдасы болуы мүмкін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ҚАШАН ДАМИДЫ?

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

admin

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: ТАҒЗЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Телеарна ХанТВ