34.3 C
Shymkent
3 июля, 2025
aspan

ДЕПУТАТТАР КАНИКУЛҒА КЕТТІ

Парламент үшінші сессияның жұмысын қортындылады. Бүгін Парламент палаталарының  бірлескен отырысы өтіп,  Мәжіліс төрағасы депутаттардың атқарған жұмысын баяндады.Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болса, 89 заң қабылданды. Өз кезегінде Ерлан Қошанов халық күтіп отырған мәселелерді дер кезінде шешу барысында үкімет тарапынан кедергілер орнын алып отырғанын айтты.

Парламент Сенаты мен Мәжіліс  депутаттары үшінші сессияның жұмысын тәмамдап, екі айға каникулға аттанды. Айта кету керек, депутаттар бірден демалысқа кетіп, теңіз жағасында күнге қыздырынып жатпайды. Ең алдымен өздері сайланған өңірлерді аралап, халықпен кездесулер өткізіп барып, демалысына шығады.     Үшінші сессия барысында қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның ішінде 89 заң қабылданды.Үш жылдық бюджет,аты шулы «Салық Кодексі», сапалы сумен қамтамасыз ету үшін Су Кодексі қабылданды. МӘМС проблемасы, денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер осы сессия барысында қызу талқыланды.

Аталған шараның бәрі азаматтарымыздың тұрмысын жақсартуға, өңірлерді     дамытуға бағытталды дейді депутаттар.Алайда,халық күтіп отырған мәселелерді тез қабылдау барысында үкімет тарапынан кедергілер болғанын айтады мәжіліс төрағасы.Үкімет Парламентке хат жазу арқылы мәселені шешуді әдетке айналдыра бастады  деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикерінің министрлер кабинетіне айтатын назы жиналып қалыпты. Үкіметтегілер депутаттық сауалдарды да пысқырмайтын сияқты. Халықтың мұң-мұқтажы, сұрауы азылған депутаттық сауалдарға мардымсыз жауап беруді әдетке айналдырған.

Осы сессия барысында мемлекеттік органдарға  625 депутаттық сауал жолданған. Бүгін  қос палатаның бірлескен отырысы мәжіліс төрағасының қортынды сөзімен аяқталып, сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутаттар екі айға созылатын демалыстан соң, күзде бірақ оралады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ АУДАНЫ: АСАР ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Телеарна ХанТВ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

2024 ЖЫЛЫ 86,1 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Телеарна ХанТВ