aspan

ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАНУЫН СӨНДІРДІ

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері Қатты Тұрмыстық Қалдықтар полигонының жануын сөндірді.Семей қаласынан 12 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыстың жануы орын алып, қатты желдің салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған.

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын сөндіріп, қазіргі уақытта алдын ала 2 гектар аумақта қоқыстың жануын сөндіруде. Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЦИФР ТАРИХЫ НЕМЕСЕ ОН САУСАҚТЫҢ ЕСЕПТЕГІ РӨЛІ»

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ КӨЛІК ҰРЫСЫН 30 МИНУТТА ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Телеарна ХанТВ