16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ КӨЛІК ҰРЫСЫН 30 МИНУТТА ҰСТАДЫ

Оралда полиция көлік ұрысын 30 минутта ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 6 желтоқсанға қараған түні полицияға Орал қаласында қала тұрғынынан көлігінің ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Иесі өзінің «Рено» көлігін үйдің ауласына қойып, көліктің қозғалтқышын сөндірмей, оны бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. Осы сәтті пайдаланған сол маңнан өтіп бара жатқан белгісіз адам көлікке мініп, жасырынуға тырысқан. Иесі бірден полицияға жүгінді, содан кейін бірден «Тосқауыл» жоспары енгізілді.  Бейнебақылаудың көмегімен ұрланған көліктің орналасқан жерін жедел анықтап, 30 минут ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, ал көлік иесіне қайтарылды.Көлікті ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Күдіктінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Полиция азаматтарды көлік құралдарының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОНАҚҮЙЛЕРГЕ  СҰРАНЫС ТӨМЕНДЕДІ

Han TV

НЕГЕ ЕЛІМІЗДЕ СҰРАНЫСЫ ТӨМЕН МАМАНДАР ДАЯРЛАУҒА МИЛИАРДТАҒАН ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛАДЫ?

КЕЛЕС АУДАНЫ: ЖЫРЫ БІТПЕГЕН КӨШЕ

admin