13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Ливия астанасы Триполиде қарулы қақтығыс қайта жалғасып жатыр. Бұған дейін жанжалдастушы тараптар оқ атпауға келіскен еді. Бірақ Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, мұнда атыс пен жарылыс дыбыстары естіліп жатыр.

Жергілікті әуежай қызметін уақытша тоқтатқан. Қазір рейстер басқа қалаға жіберіліп жатыр. Мектептер мен университеттер жұмыс істемейді. Шаһардағы ахуалды пайдаланып, ауыр қылмыс үшін сотталғандар түрмеден қашып кеткен. Солтүстік Африкадағы бұл мемлекет астанасындағы жағдай осы аптада ушығып кетті. Оған Президент кеңесі жанындағы қауіпсіздік қызметі басшысының қазасы себеп. Осыдан кейін қалада үкімет жасағы мен қарулы топтар арасында қақтығыс басталып, 6 адам көз жұмған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша тойы тойланды.

Телеарна ХанТВ

Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар

Телеарна ХанТВ