aspan

ДАУЫЛ КӨТЕРІЛДІ

Сауд Арабиясында дауыл көтерілді. Эр-Риядта дауыл көтерілді. Құм жолдарды басып, қозғалыс тоқтады. Ұйытқыған желдің күшітілігі сонша ағаштарды құлатқан.

Қазір Cауд Арабиясының астанасы ғана емес, өзге де қалаларында дауыл соғып тұр. Джазан, Асир, Эль-Баха, Мекке және Эль-Касим шаһарларында жұрт далаға шыға алмай қалды. Билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, бейсауат жүрмеуді ескертті. Метеорологтардың мәліметіне қарағанда дауыл әлі де бірнеше күн соғады. Ирак астанасын Бағдадты да құм басты. Қатты жел мен құмнан тыныс алуы қиындаған. Тіпті кей тұрғындарды шұғыл ауруханаға жеткізді. Азық-түлік дүкендері мен қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Мұндай дүлей дауыл биыл алғаш рет тіркеліп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

300 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН  ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Телеарна ХанТВ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУДІҢ СОҢЫ НЕГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН?

Телеарна ХанТВ

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ