9.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
aspan

«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмұғамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы жеңіс атты іс-шара өтті. Мақсат жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім оятып, Ұлы жеңіс күнінің маңыздылығын насихаттау.

Биыл ұлы жеңіске 80 жыл толды. Айтулы күнге орай қалалық №72 жалпы орта білім беретін мектеп базасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтары қатысып, бұл жеңістің отан үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай жиындар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.

Айта кетейік шара аясында ұлы отан соғысының ардагері Аппас Дайрабек атындағы кабинеттің ашылу салтанаты өтті. Ардагердің аты берілген кабинеттің ашылуына балалары мен ұрпақтары қатысты.
Жеңістің 80 жылдығы бұл тек соғыста шайқасқан батырларымызды ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әжелерімізді де еске алатын күн. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы бұл өткенге тағзым етіп, болашақ үшін бейбітшілікті сақтау қажеттігін түсінетін маңызды күн. Ардагерлердің ерлігі, тарихтың сабағы және ұлттық бірлік осы мерекенің басты мәні болып қала береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«STANDARD CITY 2» СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС ПЕ?!

Телеарна ХанТВ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

«ТҰМАН» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ӘДЕБИ ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ