aspan

«БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН, БӘРІ ДЕ МАЙДАН ҮШІН!»

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жеңіс саябағында “Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!” атты арнайы патриоттық іс-шара өтті. Ерлік музейінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл жиын — кешегі оқ пен оттың ортасында елі үшін жанын пида еткен боздақтардың рухына арналып, бүгінгі бейбіт аспанның қандай қымбатпен келгенін ұғындырды.Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, мектеп оқушылары мен жастар арасында тарихи-мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

Көгілдір аспан астында өткен мерекелік шарада өткенді ұлықтап,ерлікті еске алды. Мерекелік шара аясында арнайы ұйымдастырылған көрме арқылы соғыс жылдарындағы сарбаздардың хаттары, фотосуреттері, жәдігерлері мен құнды тарихи деректер көпшілік назарына ұсынылды. Салтанатты бөлімде сөз алған спикерлер жеңістің маңыздылығына тоқталып, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері патриоттық өлеңдер оқып, майдангерлерге арналған сахналық қойылымдар көрсетті. Шара барысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, соғыс жылдары Шымкент қаласынан 23 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Олардың көпшілігі елге оралмай, жат жерде көз жұмған. Бұл – ерлік пен жанқиярлықтың өлшеусіз үлгісі. Бүгінгі таңда музей қорында 5454 экспонат тіркелген.Оның 3500-і экспозиция залдарына қойылған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НЬЮ-ЙОРК МАҢЫНДА ГУДЗОН ӨЗЕНІНЕ ТІКҰШАҚ ҚҰЛАП, АЛТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

Телеарна ХанТВ

ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ ДОДАДА ШЫМКЕНТТІК СЕРЖАНТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ