aspan

ҚАРАУЫЛДАН 2,4 МЫҢНАН АСТАМ «ТРАМАДОЛ» ТАБЛЕТКАСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады. Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол  таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2416. Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер  беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, «Трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХЬЮСТОНДА ТУҒАН КҮН КЕШІНДЕ АТЫС БОЛЫП, 15 АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

ТҮНГІ КЛУБТАҒЫ ӨРТТЕН 59 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

Телекоммуникациялық инфрақұрылым – цифрлық экономиканы дамытудың негізі: Үкімет отырысында байланыс саласынын дамыту мәселелері қаралды

Han TV