Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округінде орналасқан Айқыз ана бөбекжай балабақшасы 2014 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде балабақшадағы 26 қызметкердің 14 тәрбиеші. «Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Бала тәрбиесі қашан да қоғам назарында болатын маңызды мәселе. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтіне байланысты болса, екіншіден балабақшадағы тәрбиешісі берген тәлімнің жемісі.
Балабақша – бақыт баспалдағы. Әрбір бақша табалдырғын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына ертеңге деген нық сенім, патриоттық сезімді ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа.Егеменді еліміздің мәңгілік ел болып, мәңгі жасауы өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпағымыздың қолында. Болашақ ұрпақты талапқа сай ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.Сондықтан да балабақшаны «Балабақша – бақыт баспалдағы » деп атаудың өзі шынайлықты көрсетеді.
Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады. Балалардың жетістігі бала бағбаны атанған тәрбиешілердің біліктілігімен өлшенеді. Қырық жылдан астам тарихы бар балабақша жұмысы жыл өткен сайын жанданып, жаңарып келеді. Ендеше, біз де «Айқыз ана» балабақшасының жұмысына сәттілік тілеп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.