21.3 C
Shymkent
30 апреля, 2025
aspan

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп»

Түркістан облысы, Жетысай ауданы білім бөліміне қарасты «Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 07.04 — 18.04.2025 жылы «Жаратылыс сыры- ғылымда» тақырыбында жаратылыстану пәндерінің онкүндік декадасы болып өтті. Жаратылыстану пәндерінің онкүндік декадасының ашылуымен, мектеп директоры Байбаков Еркінбек мырза салтанатты түрде құттықтады. Апталықтың ашылуында мұғалімдерге түрлі логикалық сұрақтар, жаратылыстану бағытындағы пәндерге байланысты түрлі ойындар ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Онкүндіктің мақсаты:
Жаратылыстану ғылымдары — физика, информатика, математика, география, химия, биология пәндері бойынша терең білім алуға ынталандыру.
Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.
Жаратылыстану ғылымдарының қоғам өміріндегі маңызы мен рөлін түсіндіру.
Оқушылардың білімдерін практикалық түрде қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Онкүндік барысында бекітілген жоспарға сәйкес пән мұғалімдері сайыс сабақтар, ашық сабақтар, практикалық іс- тәжірибиелер көрсетті.
07.04 — 18.04.2025 жылы аралығында «Химия, биология әлеміне саяхат» тақырыбында көңілді тапқырлар сайысы өткізілді. Пән мұғалімдері: Ерімбертова Г Мусаева Г. » Қызықты математика» интеллектуалды сайыс. Пән мұғалімдері: Жұрқабаева Т, Қалдыбекова Н. «Ақпаратты цифрлық тасымалдағыштар» Кенжеева А ашық сабақ өткізді. » Ұстаздардың кәсіпкерлік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың рөлі» Мұхымбай Раушан мұғалімдерге арналған коучинг сабақ өткізді. «Миллион кімге бұйырады?» ток шоуы Бөлекбаев Сәкен. «Білгір математик» сайыс сабақ Куралбаева Феруза.
18.04.2025 жылы «Жаратылыс сыры — ғылымда» тақырыбында онкүндік декаданың жабылу салтанаты болып өтті. Апталыққа белсене қатысқан оқушыларды ынталандыру сыйлықтарымен және мадақтамалармен марапатталды. Қорытынды сөзді мектеп директоры Байбаков Еркінбек айтып өтті.
Апталықтың мақсаты оқушыларға жаратылыстану пәндерінің қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын түсіндіру.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

МЕТАПНЕВМОВИРУС- ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАУІПТІ

Телеарна ХанТВ

Өмірін оққа айырбастаған

Телеарна ХанТВ