aspan

АСТАНА – АҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰШАҚТА ЖОЛАУШЫ ЖОЛСЕРІКТІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

Scat әуе компаниясының Астана – Ақтау бағытындағы рейсі кезінде жолаушы бортсерікке соққыға жықты. Ұшақтағы жанжалдың қалай болғанын сондағы куәгерлердің бірі баяндады. Әуе компаниясының қызметкері мен жолаушы арасындағы дау 20 сәуір күні сағат 00:05-те ұшақ межелі жерге қонған кезде басталған. Ер адам салонда өзінің ұялы телефонын ұмытып кетіп, гаджеті ұшақтан шыға берісте есіне түскен. Қайтадан салонға барып, телефонын алмақ болғанда оны жолсерік жолаушылардың түсіп жатқанын ескертіп, ер адамды тоқтатқан.

Алайда ол қызметкердің ескертуін елеместен телефонын алуға ұмтылған. Сөйтіп жолсерік телефонды өзі әкеліп беретінін айтқанда жолаушы оның соңынан жетіп, бетінен қатты соққы жасады. айтуынша, оқиға орнына полиция келді. Жанжалды бастаған ер адамды әуежайдан күтіп алған туысы да оны жақтап шыққан. Екеуі де өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Десе де куәгерлер жолаушының жанжал бастағанын растады. Болған жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.»Аталған факт Маңғыстау станциясындағы Линейлік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы ұсталды. Қазір тексеру жүргізіліп. Тексеру нәтижелері бойынша жанжалға қатысушылардың барлығына құқықтық баға берілетін болады» – деп хабарлады полиция департаменті.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты – Olimpbet-тің бірінші кезеңі өтті

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ   ҚПД ӘЛ-ФАРАБИ   АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ   БАСҚАРМАСЫ

Телеарна ХанТВ

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ