31.3 C
Shymkent
7 июня, 2025
aspan

ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Биыл Ұлы жеңістің 80 жылдығы кең көлемде тойлануда. Бұл күн – тек өткеннің тарихы ғана емес, бүгінгі бейбіт өмірдің  бастауы, елдік пен ерліктің мәңгілік үлгісі. Осыған орай еліміз бойынша түрлі деңгейде мерекелік, тағылымдық іс-шаралар өткізілуде. Шымкент қаласында да бұл атаулы дата ескерусіз қалған жоқ.Шымкент қалалық музейлер бірлестігі мен қалалық Полиция департаментінің бірлесуімен “Ешкім, ешқашан ұмытылмайды” атты патриоттық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында соғыс жылдарының естеліктері, майдан даласындағы ерліктер мен тылдағы еңбеккерлердің жанкешті еңбегі жайлы жан-жақты мағлұматтар берілді. Көрмелер ұйымдастырылып, тарихи деректер мен сирек кездесетін мұрағаттық материалдар жұртшылық назарына ұсынылды.

 

Аталған іс-шараға 6698 әскери бөлімінің жеке құрамындағы сарбаздар қатысты. Олар үшін бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. Батырлардың ерлігіне тағзым етіп, олардың ерлік жолымен танысу – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятатыны сөзсіз. Сондай-ақ жиында  жеңіс жолындағы жылдардың тауқыметі мен елдің бірлігі, батырлардың жанқиярлығы сөз болды.

 

Тарих – ұрпақ сабақтастығының алтын көпірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тарихи жадыны жаңғыртып қана қоймай, ел қорғаны болар жастардың рухын көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Телеарна ХанТВ

1300-ДЕН АСА ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ