aspan

МАРИХУАНА ТАСЫМАЛДАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Атырауда марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан, бұрын сотталған 33 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде 1 түйіншек пен 1 дана пышақ тәркіленді. Сондай-ақ жеке автокөлігін тексеру барысында 1 Iphone 15  ұялы телефоны және 3 түйіншек табылды. Сондай ақ күдіктінің көрсетуімен қала аумағында тағы 35 түйіншек анықталып, тәркіленді. Алынған заттар салмағы 32,61 грамм болатын «марихуана» есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, қылмыстық процесстік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПҚА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

ИЗРАИЛЬ МЕН ХАМАС СОҒЫСТЫ ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ

ШЕРУ КЕЗІНДЕ 150-ДЕЙ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ