25.3 C
Shymkent
6 июня, 2025
aspan

НЬЮ-ЙОРК МАҢЫНДА ГУДЗОН ӨЗЕНІНЕ ТІКҰШАҚ ҚҰЛАП, АЛТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

АҚШ-тың Джерси-Сити қаласында туристер мінген тікұшақ Гудзон өзеніне құлады. Оқыс оқиға салдарынан үш бала мен үш ересек адам қаза тапқан.

Полицияның мәліметінше, тікұшақ апаты туралы ақпарат бейсенбі, 10 сәуір сағат 15:17-де түскен.Нью-Йорк өрт сөндіру қызметі мен Нью-Йорк полиция департаментінің сүңгуірлері апат орнын дереу іздей бастады.Ұшу алдындағы деректерге сәйкес, бортта алты адам, оның ішінде ұшқыш, екі ересек және үш бала болған.Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс отбасының Испаниядан келгенін растады.Олардың ешқайсысын құтқару мүмкін болмаған; апат салдарынан бәрі көз жұмды. Төрт адамның мәйіті судан шығарылды, тағы екі адам жергілікті ауруханада көз жұмды. Тікұшақ оңтүстікке бет алған, содан кейін Гудзон өзенінің үстімен ұшып, Манхэттен жағалауы бойымен солтүстікке бұрылған.15:08-де тікұшақ Джордж Вашингтон көпіріне жеткен, содан кейін қайтадан бұрылып, Нью-Джерси жағалауы бойымен оңтүстікке бет алған. Көп ұзамай тікұшақ жағалаудан небәрі бірнеше метр жерде суға құлаған.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Телеарна ХанТВ

Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті дүмпу болды

admin

SHYMKENT IT HUB – ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ОРТАЛЫҚ

Телеарна ХанТВ