4.3 C
Shymkent
27 января, 2026
aspan

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕГАПОЛИСТЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНГЕН

 

Елімізде 250 мыңнан астам бала психологиялық қолдау орталығының көмегіне жүгінген. Ал Шымкентте жыл басынан бері 200-ге жуық бала дәл осы орталық психологтарының жеке консультацияларын алған. Сала мамандарының айтуынша балалардың психолог көмегіне жүгінуі керісінше мәселені шешеді дейді. Демек орталыққа жүгінген балалардың санының артқаны дұрыс. Психологиялық қолдау орталықтарының артықшылығы қандай? Толығырақ әріптесім тарқатсын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің әр өңіріндегі білім басқармаларының жанынан психологиялық қолдау орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай орталықтар 17 өңірде ашылды. Аталған орталықтардың басты мақсаты — жергілікті жерлерде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құру.

Айта кетейік орталық екі бағытта жұмыс жасайды. Бірі әдістемелік бөлім болса екіншісі психологиялық бөлім. Мұнда тек балалармен ғана жұмыс жасап қоймай, ата-аналармен сондай-ақ, мектеп психологтарыменде тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қазіргі таңда мекемеде психологтар әр баламен жеке жұмыс жасап келеді.

Орталық мамандарының сөзінше әр баламен жеке жұмыс жасалады. Тиісінше мәселенің салдарымен ғана емес оның себебімен де күресуге болады. Айта кетейік,  оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мамандарға балалармен және отбасыларымен жұмыс істеу тиімділігін арттыру тәжірибелерін үйрету көзделген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Енді оқушылар сабақ кезінде ұялы телефон қолданса, ата-аналарына айыппұл салынады

Телеарна ХанТВ

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

admin

ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ХАЛЫҚҚА ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФУНКЦИЯСЫН ІСКЕ АСЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ