aspan

ЖАСӨСПІРІМ ҚАРИЯНЫ АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

 

Әлеуметтік желіде жасөспірімнің қарт адамды ұрып-соққан видеосы тарады. Оқиға 6 сәуір күні Жетісу облысына қарасты Өтенай ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған кәмелетке толмаған жасөспірім бокспен айналысады.  Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, 86 жастағы зейнеткерге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 «Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы заңды өкілінің кепілдігіне тапсырылды. Сонымен қатар жасөспірімді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылды», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.Ресми мәлімет бойынша, Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жолданған. «Ювеналды полиция қызметкерлері осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр», – деп толықтырды полиция өкілдері.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САРЫАҒАШТАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

3 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

admin