21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ

Шымкентте қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен кассалық чектерді  мемлекеттік тіл- қазақ тілінде шығаруын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы» атты семинар өтті.Шараға түрлі саладағы кәсіпкерлер, «Сервиз плюс» ЖШС-нің менеджерлері және Шымкент қалалық кірістер басқармасының басшысы қатысты.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік бөлім басшысы Гүланар Анарбекқызының сөзінше Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының 21 бабына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл,өзге тілдер байланысу үшін қолданатын тіл болып бекітілген.Бүгінгі семинарымызда қаламыздағы ірі,шағын кәсіптермен айналысатын кәсіпкерлерімізді шақырып отырмыз.Бүгінгі мәселе фискалдық түбіртектерді қазақ тілінде басып шығаруды қолға алу мақсатында.-дейді.

Түбіртектерді,«фискалдық чектерді» қазақ тілінде басып шығаруға кедергі келтіретін себептерді анықтау және бұл проблемаларды тиімді шешу жолдарын қарастыру семинарды басты мақсаты. Қазіргі кезде дүкендер мен сауда орталықтартарында түбіртекті тек орыс тілінде басып шығарады. Бірақ Сервиз плюс мамандары бұл қате пікір екенін алға тартты.

Семинарға түрлі кәсіп иелері қатысты.Арнайы видеороликтер көрсетіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ шара барысында  тілді дамыту орталығы және Шымкент қалалық кірістер басқарма басшысы мамандары кәсіпкерлерге кассалық аппараттарын ауыстыру туралы тапсырма берді.Бұл рейд кезінде тексерілетінін ескертті.

  Өз тіліңді өшірме,өшіргенді кешірме.Тілін, дінін өшірген жолығар бір кесірге.Бүгінгі семинардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы тіл туралы Заңы нормаларына сәйкес қызметті жүзеге асыруды және азаматтардың талабы бойынша қаладағы барлық кәсіпорындардың түбіртекті қазақ тілінде шығару бойынша жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚИ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР НАСИХАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ