aspan

МӘСКЕУДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Ресей астанасында табиғат тосын мінез танытты. Мәскеуде күн күрт бұзылып, қалың қар жауды. Өткен аптада ғана шаһарда күн жылып, сынап бағанасы 16 градусқа дейін көтерілген. Жер көгеріп, ағаштар бүршік жара бастаған. Ал жүргізушілер қысқы дөңгелектерін жазғыға ауыстырып үлгерген еді.

Енді жапалақтап жауған қардан жолда көлік апаты көбейіп, тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Бір жүк көлігі метроның кіреберісіне соғылып, жүргізуші мен жолаушы ауруханаға түсті. Метеорологтар күн райы апта соңына дейін  өзгермейтінін ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НҰРГҮЛ ШАМШИЕВА ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ЖАСӨСПІРІМ ҚАРИЯНЫ АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

Телеарна ХанТВ

3 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Телеарна ХанТВ