aspan

Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өрт қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен, рестораторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

Өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен департамент бақылауындағы нысандарда қалыптасқан өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы ақпарат беріп, өрттердің алдын алу бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қабылдаған шараларды баяндады.

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мемлекеттік реттеу нысандарының бірі болып табылады. Ол адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Нұрболат Педен.

Жиында, сондай-ақ, өрт бақылау басқармасының бас маманы Б.Асанхан ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге, жоспарлау жүйесін автоматтандыруды енгізуге байланысты мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыру саласындағы жаңа реттеу саясаты туралы баяндама жасады.

Жалпы, жаңа реттеу саясаты және мемлекеттік бақылауды автоматтандыру профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдеріне енгізілетін нысандарды іріктеу кезінде адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бизнес-ахуалды жақсартуға, бизнеске жүктемені азайтуға бағытталған.

Департамент мамандары дөңгелек үстел барысында бизнес-қоғамдастық өкілдеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен келген аудандық соттардың төрағаларына арналған қайта даярлау курстары өткізілді

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ