aspan

«КҮМІС ҚАЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ЖАЗБА АҚЫНДАР ДУЭЛІ ӨТТІ

Шымкентте күміс қалам республикалық жас жазба ақындар дуэлі өтті. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға республиканың бірнеше өңірінен келген ақындар қатысты. Қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген кешке еліміздің құрметті азаматтары мен халық қалаулылары қазылық етті. Толығырақ алдағы сюжетті.

Түркістан облысының атынан келген ақын Мұқағали Кенжетайұлы аталған шараның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша бұл жоба жас ақындардың шығармашылығын шыңдап жаңа туындылардың өмірге келуіне септігін тигізеді. Жыр бәйгесінің маңызы зор себебі мұнда берілген тақырып аясында ғана өлең оқу емес. Мұнда ақындар қалың көрермен алдында сыналады.

Күміс қалам республикалық жас ақындар мүшәйрасының бастау алғанына биыл төртінші жыл толып отыр. Айта кетейік жыр бәйгесіне осыған дейін 100-ге жуық жас ақындар қатысқан. Түрлі тақырыпты қозғаған жыр додасына белгілі айтыскер ақындар мен мәдениет саласының мамандары әділ бағасын беріп, қазылық етті.

Биыл қазақ балалар әдебиетінің классигі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының туғанына 120 жыл толды. Айтулы күн қарсаңында өткізілген шараның мәні де маңызы да зор. Республиканың бірнеше өңірінен келген үздіктерге қомақты сыйақылар да қарастырылған. Бас жүлдені иеленген ақынға күміс қалам табысталып, 1 млн теңге көлемінде сый берілмек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

 5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ