25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША КҮЗЕТШІЛЕРІ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТЕДІ

Енді елімізде мектеп пен балабақша күзетшілері тексерістен өтеді.
Оқу-ағарту министрлігі күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын бекітпек. Соған сәйкес енді балаларға қатысты қылмыс жасап, жазасын толық өтегендер оқу орындарына күзетші болып орналаса алмайды.

Министрлік мәліметінше, жасөспірімдерге буллинг жасап, ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен адамдар да білім беру мекемелеріне жоламайды. Ал күзетшілер ішкі істер органдарының базасы арқылы тексерістен өтеді. Жаңа талаптарға сәйкес олардың қызметтік қару ұстауға рұқсаты болуы тиіс. Сондай-ақ салығы толық өтелуі керек.Жаңа өзгеріс 27 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

DAMUMED АРҚЫЛЫ АЙЛАСЫН АСЫРҒАН: СТОМАТОЛОГИЯ 66 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН

Редактор HAN TV

Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Телеарна ХанТВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ