25.3 C
Shymkent
18 июля, 2025
aspan

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында азаматтарды белгіленген өңірлерге қоныстандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы бұл бағдарлама аясында 1 000 адамды көшіру жоспарланып отыр. Бастама өңіраралық еңбек ұтқырлығын арттыру және ішкі көші-қонды ынталандыру мақсатында жүзеге асуда.
Осыған орай, Тұран ауданының Құрсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Р. Даурбаева мен бөлім маманы Г. Байымбетова қатысып, мемлекеттік бағдарламаның шарттары мен қатысу тетіктерін жан-жақты түсіндірді. Тұрғындарға бағдарламаның артықшылықтары туралы ақпараттар айтылды.
Кездесуге 30-ға жуық ауыл тұрғыны қатысып, қоныс аударушылар мен қандастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы өзгерістер жөнінде мағлұмат алды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

SHYMKENT IT HUB – ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ОРТАЛЫҚ

Телеарна ХанТВ

ЕКІ КӘСІПКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

SPACEX РАКЕТАСЫ СЫНАҚ КЕЗІНДЕ ЖАРЫЛДЫ