28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЗЕЙНЕТКЕРДЕН 46 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қашықтықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер «Аnti-fraud» іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады.

69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен «ұялы байланыс операторларынан» SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматшаға «құқық қорғау органдарынан» хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін «сенімді қолға» уақытша тапсырған: ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРДІ

Телеарна ХанТВ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ: ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР

Телеарна ХанТВ

15 ҚАРАША — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ.

Телеарна ХанТВ