16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды. Сонымен қатар, 39 көшеде ұзындығы 21,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
2025 жылы да бұл жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, 59 көше (42,8 шақырым) асфальтталып, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. Бұдан бөлек, 35 көшеде 21,1 шақырым жаңа аяқ жол салу көзделіп отыр.
Бұл шаралар аудан тұрғындарының жол жүру қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ   «ОТБАСЫ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Han TV

АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ ЖАНДАРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛАРЫНА 18 ЖАСТАН АСҚАН СОҢ ДА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНУІ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ

ШЕКАРАНЫ ЗАҢСЫЗ КЕСІП ӨТУГЕ КӨМЕКТЕСКЕН АДАМДАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ