16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

КӨШКІННЕН СОҢ 28 АДАМ ТАБЫЛМАЙ ЖАТЫР

 Қытайдың Сычуань провинциясында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Цзиньпин ауылында лай көшкіні жүріп, 28 адам жоғалып кетті. 1 адам қаза тапқан. 2 тұрғын жараланды.

Құтқарушылар дрондар мен радарлардың көмегімен үйінді астында қалғандарды іздеп жатыр. Бірнеше үй мен өндірістік ғимарат көшкін астында қалған. Алдын ала мәліметтерге қарасақ, апатқа үздіксіз нөсер жауын мен жергілікті геологиялық ахуал себеп болса керек. Оқиға орнына барған үкімет өкілдері қайта тас көшу қаупі бар екенін ескертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ҚЫЗДЫҢ ӨЛІМІ: ОНЫ ҰРЛАҒАН СӘТТІҢ ВИДЕОСЫ ТАРАДЫ

Телеарна ХанТВ

🎓 Азаматтық қорғаныс орталығы ашылды!

Телеарна ХанТВ

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

admin