Ағымдағы жылдың 29-қаңтары күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде «Заңсыз көші-қон сұрақтары» тақырыбында қызметтік жиналыс өткізілді. Қызметтік жиналысқа ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов басшылық жасап онда Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша өзара әрекет етуші құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов қызметтік жиналысқа қатысушыларға ҰҚК Шекара қызметінің былтырғы жылы заңсыз көші-қонмен күресудің алдын алу бағыты бойынша жүргізген жұмыстары сонымен қатар қандай мәселелелермен бетпе-бет келгендігі туралы ақпараттарды мен қызметтік жиналыстың өткізілу деңгейін, жоспарын жеткізді.
ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ғани Ағаділов Қазақстан Республикасы көші-қон заңы талаптарының негізінде Түркістан облысындағы өткізу бекеттері арқылы өтетін еңбек мигранттарынан анықталатын кемшіліктер туралы баяндама жасады.
ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Жанар Қожахметова елімізге келетін және елден шығатын еңбек мигранттары, оларды бақылау үшін жасалынып жатқан шаралардың легі туралы туралы баяндама жасады.
«Заңсыз көші-қон сұрақтары» тақырыбында өткізілген қызметтік жиналыс Түркістан облысы деңгейінде полиция мен шекара қызметі өкілдері арасында заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған бірлескен бұйрық шығарылып, екі ведомоства өкілдері заңсыздықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жасау туралы келісімге келді. Бұл жұмыс еліміздегі заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталып отыр.
Қызметтік жиналыс соңында Төлеужан Сабырұлы Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша өзара әрекет етуші құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары үшін алғысын білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің арнайы мақсаттағы бөлімшесіне келісім шарт бойынша әскери қызметке спорт шеберлігіне үміткер немесе разряды (спорттың қай түрінен болсада) бар спортшыларды (әскери билеті бар) қабылдаймыз.
Қосымша ақпарат бойынша, байланыс нөмірлері:
8-775-266-59-28
8-702-956-07-06
8-(7252)-98-30-53