Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылыс барысын тексерді. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу тапсырмасына орай қолға алынған. Сонымен қатар Арыс қаласына іссапары барысында бірқатар нысандардың құрылысын қадағалады. Әлеуметтік нысан құрылысын қатаң сынға алған өңір басшысы жауаптыларға талап қойды. Сапасыз және созылған құрылысқа жауапты компанияларды қомақты айыппұл мен қара тізім күтіп тұрғанын айтты.
Ғимараттың құрылысы қарқынды. Сыртын қаптау, терезелерін орнату жұмыстары жүруде. Нысан тамыз айында тапсырылады деп жоспарланған. Бірақ мамыр айына дейін аяқтап, тапсыру көзделіп отыр. Жұмысшылар саны да жеткілікті, құрылыс қарқынды. Сонымен қатар Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептің жай-күйімен танысқан облыс әкімі Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан мектептердің құрылысын жазға дейін аяқтауды тапсырды. Жауапсыздық танытқандардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды міндеттеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы. Осы жоба аясында облыста 29 жаңа мектеп ашылады.
Сонымен қатар Облыс басшысының құрылысы енді аяқталған дәрігерлік амбулаторияның ішкі әрлеу жұмыстарына да көңілі толмады. Қожатоғай ауылдық округінде бой көтерген медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған. Әкім кем-кетіктерді ретке келтіруге 1 ай уақыт берді. Аталған мәселелер бойынша жауапты басқарма басшыларына, қала әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.