16.3 C
Shymkent
17 апреля, 2025
aspan

770-тен астам адам өлтірілді

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Солтүстік Киву провинциясының астанасы Гома қаласына 26 қаңтардан бері «23 наурыз қозғалысы» (M23) атты топ жақтастары кіргеннен бері қаза болғандар саны 773-ке жетті

Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, марқұмдар жайлы ақпарат қаладағы ауруханалар мен мәйітханалардан алынған. Мәйітханалардың іші толып кеткендіктен Гома көшелерінде әлі де адам денелері көп жатыр. Бір күн бұрын БҰҰ өкілі Гомада 700 адам өліп, 2800 адам жараланғанын хабарлаған. M23 жақтастары қаланы толық дерлік жаулап алды. Тек солтүстік аймақтарда ғана атыстар болып жатыр. Қаланың оңтүстік аудандарында 30 қаңтарда үйлерге электр жарығы мен су беру қалпына келтірілді. Конго Демократиялық Республикасы Үкіметінің шешімімен Солтүстік Кивудың әкімшілік орталығы Гомадан уақытша Бени қаласына көшірілді. Ол Гомадан солтүстікке қарай 244 шақырым жерде, Уганда шекарасына таяу маңда орналасқан.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

admin

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖӘНЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Телеарна ХанТВ

107 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ