aspan

ІІМ: ЕЛОРДАДА КРИМИНАЛИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

admin

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

50 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Редактор HAN TV