21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ҮЙІНДЕ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ШУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында Шу қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады және сақтады деп күдіктелуде.

Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орындар анықталды.   Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

admin

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ТАҢДАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА КЕРЕК

Телеарна ХанТВ