-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығын қортындыланып, атқарылған жұмыстар жайы баяндалды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1300 мектепті жаңғыртудан өткізу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп тізімі жасақталып, облыс әкімімен бекітілді.

Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және асхана бөлмесін, кітапхана бөлмесін, спортзал бөлмесін жабдықтау, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету, кабинеттерді жиhазбен қамту, мектептерді оқу кабинетімен жабдықтау жоспары талқыланды.Маңызды жиынға білім саласының өкілдері, жауапты басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, колледж директорлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев сала басшыларының есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.

 Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов салада атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге спикерлер білім беру нысандарының құрылысы жайында сөз қозғап, мекемелерді табиғи газға ауыстыру жағдайын түсіндірді. Сондай-ақ балалар лагерін жаңғырту, жазғы демалысты сапалы атқару жайы да сөз болды.Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – білім сапасын жақсарту. Алқалы отырыста ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы сараланып, әр ауданның білім беру ұйымдарының оқу деңгейі талданды. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласында жаңа мамандықтар ашу мәселесі де айтылды. Ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, алқа қаулысы қабылданд

Күн тәртібіндегі Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы баяндалды. Есеп үшін емес, қоғамға пайдасы бар жобаларды жүзеге асыру міндеті жүктелді. 2024 жылдың 6 желтоқсанында облыс әкімінің бекіткен өңірлік жоспары аясында 60 шара қамтылды. Казіргі таңда бұл жоспар толықтырылуда. Өңірде жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар бастады.Айта кетейік, Түркістан облысында 1084 орта білім беру мекемесінде 554 654 оқушы білім алуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен тозығы жеткен білім ұяларын реттеу және қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары атқарылуда.

 

Related posts

«ӨМІР СЫЙЛА, ДОНОР БОЛ!»

Телеарна ХанТВ

Цены на сжиженный нефтяной газ вырастут с 1 июля в Казахстане

admin

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ