2.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
aspan

«БАЙТАҚ»  ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ  ӨТТІ

 Шаһарда Қазақстанның Байтақ жасылдар партиясының кезекті IV конференциясы  өтті. Жиынға арнайы қатысқан партия төрағасы Азаматхан Амиртаев атқарлыған жұмыстарды баяндап, оң бағасын берді. Сондай-ақ шымкент қаласы филиалының жаңа төрағасы болып Алтай Еркебекұлы сайланды. Қатысушылар алдағы уақытта экологияны жақсарту жолында бірлесіп жұмыстар атқаруға  дайын екендерін жеткізді.

2022 жылы өз жұмысын бастаған партия қазіргі таңда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. Әрбір сайлаудан қалыс қалмай,халықпен тығыз жұмыс жасау нәтижесінде тәжірбиелі,білімді,білікті үміткерлерді ұсынған.Партия аз ғана уақыт ішінде еліміздің әр өңірінде қарқынды жұмыс жасап,халықтың өмір сүру сапасын арттырған. Алдағы уақытта шаһардың көркеуюіне 10 ауқымды жоба дайындау ұсынылған.

Мінберден сөз алған шымкент қаласы филиалының жаңа төрағасы  Алтай Еркебекұлы паартия төрағасына және  барша конференция қатысушыларына алғыс білдірді. Алдағы уақытта тың жобалар кезек-кезегімен жүзеге асып тұрғындардың өмірі мен тұрмысын жақсартуға бастама болмақ.

 Бүгінде партияның  100 мыңнан аса мүшесі бар. 202-ге жуық бастауыш ұйымдары жұмыс жасайды. Әртүрлі деңгейде өкілдік органдарда, партия құрамында  25 депутат бар.Партия алдағы уақытта парламент мәжілісіне сайлауға белсенді дайындалып,өңірілік филиалдардың саны мен сараптамалық құрамын күшейтуде.

Related posts

ӨТКЕН ЖЫЛЫ АЙНАЛЫМНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖАЛҒАН АҚША АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ

ВАШИНГТОН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ МАҢЫНДА ШАҒЫН ҰШАҚ ӨЗЕНГЕ ҚҰЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

admin