40.3 C
Shymkent
23 июля, 2025
aspan

МАС ЖҮРГІЗУШІНІ ҚУҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

 Патрульдеу кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізушісі қауіпті маневр жасаған «Киа К 5» көлігін байқаған. Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен.

Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеу үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болған. Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы жүргізуші полициядан жасырынуға тырысып, патрульдік көлікпен механикалық соқтығысу жасаған. Көп ұзамай құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол ережесін бұзғаны, міндетті сақтандыру жасамағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол -көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ІЛІМІ: ТОЛЫҚ АДАМ НЕГІЗІНДЕГІ БҮГІНГІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ

Телеарна ХанТВ

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ 50-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ