25.3 C
Shymkent
6 июня, 2025
aspan

41 ҰСАҚ МАЛДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Алматы облысының Талғар ауданында полиция қызметкерлері 41 бас ұсақ малды ұрлады деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Тергеу барысында күдіктінің көршілес шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеп жүріп, бұл қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды.

Иелерінің уақытша болмағанын пайдаланған күдікті малды ұрлап, оларды сатуға алдын ала сатып алушымен келісім жасаған. Қылмысын тезірек жүзеге асыру үшін ол көлігі бұзылғанын айтып, алдап, егер сатып алушы жануарларды тасымалдауға көмектессе, бағаны төмендетуге уәде берген. Ұрланған малдың Жамбыл ауданындағы мал базарында сатылғаны белгілі болды, – деп хабарлады полиция өкілдері. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өңірлік полиция департаменті мал иелерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мал жаюды тек сенімді адамдарға тапсырып, жайылымдарда тәулік бойы бақылау ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кез келген күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігін ескертті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ТАҒЫ БІР ІРІ ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНБАҚ

Телеарна ХанТВ

ЖАС ҒАЛЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Телеарна ХанТВ