-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Елдің бірқатар өңірлерінде азық-түлік  бағасы шарықтап тұр. Мәселен Шымкентте картоп бағасы 400 теңгеге дейін жетті. Әлеуметтік маңызы бар көкөністің қымбаттауына не себеп? Тапшылық неде? Толығырақ әріптесім Ақниет Мейрбек біліп қайтқан еді. Сюжет көрейік.

Шахарға  картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облысынан әкелінеді. Сондықтан оның нарқы өндірушілерге тәуелді. Күн сайын өзгеріп отырғандықтан  сауда орындарында қазір картоптың  бағасы тіптен көрсетілмейтін болған. Әзірге азық-түлік бағасын тұрақтындыру қорынан ақша алған ірі сауда дүкендері ғана бағаны бұрынғы қалпында ұстап тұр. Қазіргі кезде ешқандай тапшылық жоқ-дейді салаға жауапты маман.

 Сабыржан Бектаев азық-түлік сатумен айналысқанына біршама уақыт болған. Оның айтуынша бұрын-соңды картоп келісін мұндай баға да сатқан емеспіз. Баға жаңа жылдан кейін бірден қымбаттады. Бағаның өсуіне Ресей мен Белорусь тарыпанан сұраныстың артуы себеп дейді.

Әкімдік көктемде 10 мың тонна картоп жеткізу үшін шаруалармен келісім жасаған. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын қалыпты деңгейден асырмау үшін 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Ендігі кезекте бағаның күрт өсуіне байланысты 6 айға дейін картоп экспортқа шықпайды дейді жауапты мамандар.

Related posts

АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТТЫ

Телеарна ХанТВ

Мектеп оқушыларына сабақта смартфон пайдалануға тыйым салынады: заңға қол қойылды

admin