Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab Library» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері және қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері қатысты.
1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды. Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев айтуынша бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар,олар ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылуда.Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды.
Тәрбие құрылымдарының жұмысы жауапкершілікті талап етеді.Олар әскери қызметшілермен қарым-қатынас жасай білуі, оларды түсінуі және сенімді қарым-қатынас құрудың жолдарын табуы керек. Осы жылдар ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлерімен бірлесіп әскери ұжымдардағы моральдық-адамгершілік жағдайды сауықтыру, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін орасан зор жұмыс жасаған.