21.3 C
Shymkent
28 октября, 2025
aspan

КӨЛІККЕ ЗАҢСЫЗ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Республикалық «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 523-шақырымында полиция қызметкерлері «TOYOTA ALPHARD» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің көлік құралына алысқа түсетін жарыққа арналған LED шамдарын орнатқаны анықталды.

Жүргізушінің аталған құқық бұзушылықты жыл ішінде қайта жасауына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, іс-шараның екінші күні 569 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықтау бойынша 23, көлікті міндетті техникалық байқаудан өткізбеген 60, жылдамдықты асырған 71, қауіпсіздік белдігін тақпаған 60, масаң күйде көлік басқарған 8 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, себебі көлік құралдарын заңсыз өзгерту – жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП ТҰР

Телеарна ХанТВ

АСЫЛБЕК БАЛТАБЕКҰЛЫ ШАХМАТ ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ҚАСЫМ -ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ