aspan

АБУ ДАБИДІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qasr Al Shatie сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Президентіміз көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін БАӘ Президентіне ризашылығын жеткізіп, «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Абу Дабиде және Дубайда өткен кездесулерді ықыласпен еске алды. Келіссөздер нәтижесі екіжақты қатынастарға тың серпін бергеніне әрі ықпалдастықтың жаңа бағыттарына жол ашқанына назар аударды. БАӘ – біздің араб әлеміндегі басты серіктесіміз. Елдеріміздің игілігі үшін екіжақты және көпжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Мен достық, өзара сенім мен құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазақстанға жасайтын сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне бастау болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.  Сондай-ақ Президент бүгінде БАӘ еліміздің экономикасына қаржы құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіретінін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ДОРСТРОЙТРЕСТ» ЖШС БАСШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

160 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ  

Телеарна ХанТВ