aspan

ҚАРАУЫЛДАН 2,4 МЫҢНАН АСТАМ «ТРАМАДОЛ» ТАБЛЕТКАСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады. Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол  таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2416. Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер  беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, «Трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НЕГЕ ЕЛІМІЗДЕ СҰРАНЫСЫ ТӨМЕН МАМАНДАР ДАЯРЛАУҒА МИЛИАРДТАҒАН ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛАДЫ?

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

admin

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

Телеарна ХанТВ