25.3 C
Shymkent
3 июня, 2025
aspan

БОРАНДЫ КҮНІ ЖОҒАЛҒАН БАҚТАШЫ ТАБЫЛДЫ 

Қызылорда облысында боранды күні жоғалған бақташы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысының полицейлері шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташысын іздеп тапты. Түнгі уақытта Қызылорда облысы полиция департаменті Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы бақташының жоғалғандығы туралы хабар түсті.Таңғы уақытта мал бағуға шыққан бақташы қайта оралмаған. Бақташы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылынан батысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде Құмжарған деп аталатын жер учаскесінде орналасқан мекемеге тиесілі мал шаруашылық фазендасында мал баққан. Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыны қожалықтың басқа қызметкерлері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінуге тура келген. Аталған дерек Жалағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар жүргізілді.  Полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыны іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды.  Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Жоғалған бақташы түнгі 02:00 шамасында аман-есен табылды. Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы өз алғыстарын білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КІЛЕМ ФАБРИКАСЫН АШУ ЖӨНІНДЕ ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Телеарна ХанТВ

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: КӨКСАЙДАҒЫ 22 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ